Мүмкіндігі шектеулі балалар спектакльге қатысады
Павлодарлық мүмкіндігі шектеулі балалар спектакльге қатысып, рольдерді сомдамақ. Нақтырақ айтқанда, олар қуыршақтар арқылы ойын көрсетеді.
Бұл - Алдар көсенің жаттанды әзілі. Ал, көркемсөзді айтып, қуыршақты қимылға келтіріп тұрған актер жұлыны қысылып, жүруден қалған жас бала. «Самал» орталығы бұл спектакльді алдымен мектептерде көрсетіп, сәл кейін үлкен сахнаға шығармақ.
Әлия Асанова, І топтағы мүгедек:
Бұл - менің сүйікті қуыршағым. Есімі - Қарлығаш. Айтқанымнан шықпайды. Қолын қимылдатады, аяғын қозғайды. Өте тілалғыш, әрі пысық.
Василий Кулаков, ІІ топтағы мүгедек:
Қазір үлкен сахнада өнер көрсетуге дайындалып жатырмыз. Алдар көсе мен бремендік музыканттар ертегісі маған қатты ұнайды. Ал, көрерменге шығару қиын әрі қорқынышты екен.
Қуыршақты сөйлетіп, оны қимылға келтіру асқан шеберлікті қажет етеді. Ал, жүйкесі зақымданған немесе сал болып туылған балаларға бұл кәдімгі ем. Яғни, медицина тілімен айтқанда, еңбек және ойын көрсету терапиясы. Екіншіден, балалар кәсіпті үйренеді. Өйткені, қолға киіп ойнайтын қуыршақтарды өздері жасайды.
Пернегүл Омарова, суретші, мүсінші:
Мүгедек балалар бір кәсіпті үйренуі керек. Болашақта өз нандарын табатындай жағдайда болуы керек.
Пернегүл Омарова Алматыдағы «Ғасырлар бесігі» атты тұңғыш авторлық музейді ашқан. Енді жүріп-тұруы қиын балаларды қуыршақты қимылға келтіріп спектакльдегі рольдерді сомдауға дайындап жатыр. «Тегін еңбектенемін, ем болса екен деген тілекпен», дейді ол.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10