Басты Жаңалықтар Лауазымын теріс пайдаланған тағы бір шенеунік тұтқындалды

Лауазымын теріс пайдаланған тағы бір шенеунік тұтқындалды

Лауазымын теріс пайдаланған тағы бір шенеунік тұтқындалды
 
Астанада лауазымын асыра пайдаланған тағы бір шенеунік тұтқындалды. Ол - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Серік Әшімбаев. Бұл туралы еліміздің Әскери прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
 
Дереккөзінің хабарлауынша, Әшімбаев 14-ақпан күні қамауға алынған. Оған тұрғынүй сатып алуға бөлінген 300 миллион теңге көлеміндегі қазына қаржысын жымқырды, деген айып тағылып отыр. Қазір аталған істі Бас Әскери прокуратура тергеуде.
Бөлісу