Террористік қауіп-қатердің алдын алу мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Террористік қауіп-қатердің алдын алу мәселесі талқыланды

18.02.2014
Террористік қауіп-қатердің алдын алу мәселесі талқыланды
 
Былтыр елімізде экстремизм мен терроризм бойынша 100-ден аса сот болған. Оның 16-ы Алматыда тіркелген. Айта кету керек, бұл істің барлығы терроризм мен экстремизм жөнінде емес, басым бөлігі жалған хабарлама беру бойынша жүргізілген.
 
Бұл туралы бүгін Алматы қаласында өткен дөңгелек үстелде айтылды.
 
«Терроризм - қоғамға қауіпті» деген атпен ұйымдастырылған шарада болашақ заңгерлер мен қалалық сот судьялары соңғы 10 жылда әлемде, елде тіркелген лаңкестік оқиғаларды ортаға салды.
 
Экстремизмнің астарына үңіліп, террористік қауіп-қатерге қалай тосқауыл қоюға болады? Лаңкестік әрекеттерге жастар ұрынбас үшін мемлекеттік деңгейде қандай шаралар қолданылғаны жөн, деген сауалдарға жауап іздеді.
 
Лұқмат Мерекенов, Алматы қалалық сотының судьясы:
Терроризм және экстремизм мәселесімен барлық құқық қорғау органдары күресу керек.
 
Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу