Қазақстан «Қазақ елі» аталса, тарихи әділеттілік орнайды
|
Айтуынша, қазақ елі тәуелсіз мемлекет дегенді білдіреді. Ұлы ұғымды ежелгі түркілер, қағанат, мемлекет мағынасында қолданған. Күлтегін, Орхон жазбаларында жиі кездеседі. Бертін келе ақын-жазушылар да «Қалың елім, қазағым», деп көп жырлады.
Түркі елдерінің өткенін екшелеп, бүгінін безбендейтін академияның басшысы «Қазақстан Республикасы деген атау дұрыс емес», дейді. Себебі, «стан» парсы тілінен енген «ел», деген мағынаны білдереді, республика сөзі де сол түсінікте. Яғни, ел деген ұғым екі рет қайталанып тұр. Сол себепті, Дархан Қыдырәлі егер Қазақстан атауы «Қазақ елі» деп өзгерсе, тарихи әділеттілік орнайды деп есептейді.
Дархан Қыдырәлі, Түрік академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы:
Біз Елтаңба дейміз, сол сияқты Президентті Елбасы деп атаймыз. Қазір түркі елдері президент деген сөздің орнына ильбасы, ильбашы деген сөзді қолдана бастады. «Күлтегіндегі» жазбаны қайта тірілтіп, түрік елі, қырғыз елі деген атау жалпы, Еуразиялық кеңістікте кеңірек қолданыла бастайды, деп ойлаймын.
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06