Түркі дүниесі әдебиет журналдарының редакторлары бас қосты
Бүгін Түркияның Ескішехир қаласында Түркі дүниесінің әдебиет журналдары редакторларының конгресі басталды. Жиынға қазақ елінің атынан бірқатар танымал жазушылар қатысуда.
Конгресте түркітекстес елдер арасында әдебиет саласындағы байланысты арттыру, танымал жазушылардың еңбектерін түрік тіліне аудару мәселелері талқыланады.
Бақытжан Омар, тілші:
Бұл Конгрес осымен алтыншы рет ұйымдастырылуда. Екі күнге созылатын жиын барысында бірқатар маңызды шешімдер қабылдануы тиіс. Солардың бірі 2012 жылы Бішкекте ұйымдастырылған түркітектес мемлекет басшыларының кеңесінде талқыланған Түркі дүниесі Жазушылар одағының кеңесін құру мәселесі. Осы жолғы конгресте кеңесті құру жөніндегі алғашқы қадам жасалады. Құжатты «Түріксой» ұйымы мен Еуразия Жазушылар одағы ұсынып отыр. Қазақстан атынан Конгреске «Жұлдыз» және «Алтын тамыр» сияқты журналдардың және «Қазақ әдебиеті» порталының өкілдері қатысуда.Конгресте талқыланған өзекті мәселелер жөнінде толығырақ алдағы хабарымызда айтатын боламын.
Бақытжан ОМАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06