Ойнап жүріп, опат болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ойнап жүріп, опат болды

17.02.2014
Ойнап жүріп, опат болды
Солтүстік Қазақстанда 12-14 жас аралығындағы үш бала ойнап жүріп, ажал құшты. Оқиға Ғабит Мүсірепов ауданындағы Ставрополка ауылында болған. 
 
Осы ауылда тұратын үш жеткіншек Есіл өзенінің жағасына сырғанақ тебуге барады. Жарқабақта секіріп жүргенде қалың қар опырылып кетіп, үшеуін де басып қалған. Болжам бойынша, олар қарға тұншығып қайтыс болуы мүмкін. Марқұмдар бүгін туған ауылдарында жерленді.
 
Евгений Журавлев, СҚО ТЖД баспасөз хатшысы:
Сырғанақ тебу үшін ауылдан екі шақырым жердегі өзенге барады. Тағы да ауылдастарын шақырған, бірақ, олар келіспеген соңүшеуі ғана кеткен. Кешке оларды ата-аналары іздеуге кіріседі, өзеннің аңғарын шарлаған. 10 метрлік жардың астынан үшеуінің мүрдесін жергілікті тұрғындар тапты. Қауіпті жерден секіріп жүрген кезде қар басып қалуы мүмкін, деген молжам бар.
 
Сағындық СӘБИТҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу