Мемлекеттік жәрдемақы 12 пайызға өседі
Доллар бағамы өзгергенге дейін қабылданған әлеуметтік міндеттер толық орындалатын болады. ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы осылай, деп атап өтті. Бірінші сәуірден бастап елімізде зейнетақы төлемдерімен қоса мемлекеттік жәрдемақы көлемі 12 пайызға өседі.
Павлодар қаласының тұрғыны Марат Сүлейменов - зейнеткер. Зайыбымен екеуі 4 баланы бағып отыр. Олар қызынан туған жиендер. Аналары былтыр қайтыс болды. Жөргектен жанымызда жүрген балаларды мемлекет қарауына беруге қимадық, дейді ол. Сөйтіп зайыбы, үлкен балалары мен келіндері бір кісідей жұмылып бүлдіршіндерді бағып-қағуда.
Марат Сүлейменов, зейнеткер:
Доллар көтерілгенде біз қорқып қалдық. Азық-түлік, тамақ қымбаттап кетеді деп ойладық. Жоқ, бәрі орнында. Үкіметімізге рақмет, 12 пайыз жетім балаларға қосамыздеп отыр. Өзім төрт бала асырап алдым. Үйдің кезегіне қойдық.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Димаш мексикалықтардың жүрегін жаулады
16.11.2026, 10:09
Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады
16.11.2026, 10:08
COP31: Қазақстан «жасыл» экономикаға мол инвестиция тартты
16.11.2026, 10:07
ШҚО-да 32 ветеринариялық нысан салынып жатыр
16.11.2026, 10:06
Енді Алматы әуежай жылына 9 миллион жолаушыға қызмет көрсетеді
16.11.2026, 10:06
Автобусқа балалар арбасымен кіруге тыйым жоқ
16.11.2026, 10:04
Халық пікірі: Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның айқын белгісі
16.11.2026, 10:03
Жамбыл облысы бойынша 800-ге жуық адам интернет-алаяқтарға алданды
16.11.2026, 10:01