Жалақының өсуі - еңбекке құлшынысты арттырады
Биыл бірқатар сала мамандарының жалақысына үстемеақы қосылатын болды. Нақтырақ айтсақ, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс істейтін азаматтардың жалақысы біршама артады.
Зейнетақы 14, студенттер стипендиясы 10 пайызға көбеймек. Бүгін Президент Үкіметке осыны тапсырды.
Президент биылғы Жолдауында Үкіметке осы саладағы жандардың жалақысын төлеудің жаңа моделін әзірлеуді жүктеген. Нәтижесінде келер жылы білім, денсаулық сақтау саласы мамандарының еңбекақысы 28-29 пайызға өсуі тиіс болатын.
Ал бүгін Президент 1-сәуірден бастап бұл саладағылардың жалақысын тағы да 10 пайызға көбейту керектігін тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Үкіметке биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап, мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарда жұмыс істейтін азаматтық қызметшілердің жалақысына 10 пайыз көлемінде ай сайынғы қосымша төлемді қарастыруды тапсырамын Бұл санатқа білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, әлеуметтік қорғау салаларының қызметкерлер жатады.
Медицина саласы, дәрігерлердің әл-ауқаты Мемлекет басшысының ұдайы назарында. Жалақы арттыруға қатысты айтқан бүгінгі тапсырмасын ақ халаттылар соның бір дәлелі деп отыр.
Мейіржан Әбішев, Астанадағы №2 қалалық аурухананың бөлім меңгерушісі:
10 пайызға көтеру үлкен жаңалық болып отыр. Келесі жылы шілде айында 28 пайызға көтеріледі деген де айтылып кеткен.
Қосшы ауылындағы «Алтын дән» балабақшасы биыл жыл басында пайдалануға берілді. Ұжым кілең жас мамандардан құралған. Жалақы еселенсе, жұмыс сапасы да артады деп санайды олар.
Қалампыр Сейдалиева, балабақша тәрбиешісі:
Бізді, жас мамандарды қатты қуантты. Мемлекет бізге сенім артып отыр. Сенімдерін барынша ақтауға тырысамыз.
Зейнетақыны 14 пайызға көбейту туралы Елбасы тапсырмасын Жамбыл жұртшылығы қуана құптап жатыр. Несіпкүл Мұратқызы ұзақ жыл мәдениет саласында қызмет етті. Зейнет демалысына шыққанына биыл үшінші жыл. Аға буын өкілі бүгінгі жаңалықты қазыналы қарттарды құрметтеу және олардың жағдайын жақсартуға бағытталған игі қадам деп санайды.
Несіпкүл Мұратқызы, Тараз қаласының тұрғыны:
Бұл экономикамыздың, хал-жағдайымыздың жақсарып келе жатқаны деп ойлаймын. Елбасы әруақытта зейнеткерлердің жағдайын ойлап отырады. «Қарты бар елдің қазынасы бар»,дейді. Жақсы өмір сүру үшін бар жағдайды жасауда.
Президент тапсырмасымен студенттердің стипендиясы да биыл 10 пайызға артатын болды.
Берік Әубәкіров, студент:
Осы стипендия көп көмегін береді деп ойдаймын. Оқуға деген ынтамыз күшейеді.
Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек көлемі де 12 пайызға ұлғаймақ. Бұл жағымды жаңалық та сәуір айының еншісінде.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06