Ақмола облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті
Ақмола облысында төтенше оқиға орын алды. 64 вагон тіркелген жүк пойызы Екібастұз қаласынан Ресейдің Зауралье станциясына бара жатады.
Ақмола облысы Бурабай ауданының аумағына келгенде пойыздың бір вагоны темір жолдан шығып кеткен. Оған дөңгелектегі ақау себеп болған көрінеді.
Абырой болғанда, теміржолдың электр байланыс жүйесіне зақым келген жоқ. Зардап шеккен адам да анықталмады. Алайда, вагонның істен шығуынан «Павлодар-Пресногорьское» пойызы жеті сағатқа, «Астана-Петропавл-Қызылту» пойызы алты сағатқа тоқтатылды.
Бақытгүл Берік, Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің өкілі:
Төтенше жағдай салдарын жоюға бір қалпына келтіруші пойыз, Көкшетау станциясының 70 қызметкері мен Бурабай ауданының төтенше жағдай қызметкерлері жұмылдырылды.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06