Телефон терроры көбейіп барады
Ішімдікке тойып алған бұзақы өзінің адвокатына хабарласып, оның көлігі мен тұратын үйінің дәлізіне бомба қойылды деп қорқытқан. Заңгер дереу Қарағанды қаласының Ішкі істер басқармасына шағым түсірген.
Аталған мекенжай бойынша тұрғын үйден 37 адам эвакуацияланды. Саперлер тобы үй мен автокөлікті толық тексеріп біткенінше, 30 градус аязда күтіп қалған жұрт тоңып қалды.
Алайда, жарылғыш зат еш жерден табылмады. Ал, бейбіт күнде елді дүрліктірген бұзақы дереу іздестірілі. Соның нәтижесінде жол-потрульдік полициясы 43 жастағы күдіктіні ұстады. Ол тәртіп сақшыларына алкогольдік ішімдік ішкенін және адвокатына бопса жасағанын мойындады.
Енді ұсталған азамат «Жалған хабарлама беріп, террорлық әрекет жасады» деген айыппен жазаға тартылатын болды. Кінәсі анықталса, 20-дан 500 айлық көрсеткішіне дейін айыппұл төлейді немесе 6 жылға бас бостандығынан айырылады.
Жанатай Сембеков, Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:
Өткен жылы осыған ұқсас 14 қылмыстық іс қозғалып, айыпталушылардың барлығы дерлік жазаға тартылды. Аталған қылмыстық әрекет дәлелденсе, 6 жылға бас бостандығынан айырылу қарастырылған.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12