Еуразиялық одақ идеясына - 20 жыл
|
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Еуразиялық мемлекеттер одағын қалыптастыру жобасын жариялағанына, биыл тура 20 жыл толады. 1994 жылы Қазақстан Президенті Мәскеу Мемлекеттік университетінде арнайы баяндама жасап, қалың көпшілікке Еуразиялық интеграцияның келешегін жан-жақты түсіндіріп берген.
Сол кездері Қазақстанның Ресейдегі елшісі болған, қазіргі Еуразиялық экономикалық қауымдастығының бас хатшысы Тайыр Мансұров, Президенттің осы баяндамасын тыңдаған жанның бірі.
Оның айтуынша, Кеңес одағы құлап, әрбір ел күнкөріс қамымен жүрген алмағайып кезеңде, Нұрсұлтан Назарбаев өз көрегендігінің арқасында Еуразиялық одақ идеясын ұсынды.
Осылайша, бастапқы кезде бұл бастамаға сенбеген саясаткерлер, қазір Кедендік одақ пен бірыңғай экономикалық кеңістік құрылып, Президент жобасының іске асқанын көріп отыр.
Тайыр Мансұров, Еуразиялық экономикалық қауымдастықтның бас хатшысы:
Өткен 20 жыл қазіргі Еуразиялық интеграция жолындағы қиын, табысты екі онжылдық кезең болды. Бұл Қазақстан Президентінің зор жеңісі мен табысы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бойындағы көшбасшылық және пассионарлық тарихымыздағы шешуші кезеңде айқын көрініп, маңызды рөл атқарды. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Еуразияда бақытты да, табысты өмір сүргісі келетіндер үшін бағыт-бағдар болатындай Еуразиялық жобалардың басты архитекторы болып қала бермек.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05