Қызылордада пара берген экс-депутатқа қатысты сот үкімі шықты
Қызылордада Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты, «Ақмешіт-Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Е.Қалмахановқа қатысты сот үкім шығарды.
Естеріңізде болса, былтыр қыркүйек айында экс-депутат Қаржы полициясына пара берді деген күдікпен құрықталған болатын. Осыған орай қозғалған қылмыстық іс бойынша сот-сараптама қорытындысымен күдікті кінәлі деп табылды.
Нұржан Сәрсенбаев, облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басқарма басшысы:
Бүгінгі таңда барлық дәйектер дәлелденіп, сотқа жолданып, сотта қаралып, шешімшықты. Сот үкімімен Қалмаханов ҚР Қылмыстық Кодексінің 312- бабы 4-бөлігінің б-тармағымен айыпты деп танылып, оған қатысты 5 мың АЕК мөлшерінде - 9 миллион 260 мың теңге айыппұл салынады.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05