Импорт емес, экспортқа бет бұру керек
Теңгенің жаңа бағамы отандық құрылыс материалдарын көрші мемлекеттерге экспорттауға тиімді. Ал, мұндай қадамның ішкі нарықтағы бағаға кері әсері жоқ. Бұл туралы Астанада Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен сұхбат алаңында айтылды.
Биыл Үкімет елімізде осы салаға арналған бағдарлама шеңберінде өзіміздегі құрылыс тауарларының үлесін 80 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Бұл сыртқы тәуелділіктен сақтайды.
Сондықтан, Өңірлік даму министрлігі мен еліміздегі аталған палата мүшелері Техникалық реттеу мен құрылыста баға белгілеу жүйесін реформалау тұжырымдамасын күн құрғатпай іске асыру үшін жұмыс жоспарын бірлесіп әзірлеуге кірісті.
Серік Нокин, ҚР Өңірлік даму вице-министрі:
Елбасы да айтып жатыр. Өнімді өздеріміз шығаруымыз керек. Өзіміз шығармасақ, біз әрқашанда осындай жағдайға түсеміз. Құрылыстан басқасының бәрін шығаруымыз қажет. Шетелден алмай, шетелге сатуымыз керек.
Алмат ӘБДІРАМАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05