Мектеп маңайында ішімдік сататындарға жаза күшейтілді
Мектептің маңайында темекі сатқан кәсіпкерге 15, арақты саудаға салғандарға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Сатушы да жазадан сытылып кете алмайды. Заң талабы - осы. Бұл оқу орнынан 100 метрге дейінгі қашықтықта орналасқан дүкендерге қатысты.
Заң нормаларының орындалуын анықтау мақсатында бүгін «Дүкен» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында №48 мектептің қасындағы дүкендерге рейд жүргізілді.
Бірақ, заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Ішкі істер департаментінің қызметкерлері сатушыларға заңды бұзған жағдайда қолданылатын жауапкершілік нормалары туралы түсіндіріп берді.
Сосын мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Балаларға «Салауатты өмір салты» орталығының маманы темекенің зияны жөнінде әңгімелеп берді. Айта кетейік, «Дүкен» жедел-профилактикалық іс-шарасы 16-шы ақпанға дейін жалғасады.
Азамат Садықов, Астана қаласы Ішкі істер департаменті Ювеналды полиция бөлімінің басшысы:
Кеше бір жағдай анықталды. Ол бойынша, кәсіпкер алкаголь өнімдерін жасөспірімге сатқан. Дүкені мектептің маңайында бола тұра осылай жасаған. Қазір жеке кәсіпкерге әкімшілік іс қозғалып, сот қарауында жатыр.
Досымжан ЕРМҰРАТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайлықтар Тобылдың бойын жарыса тазалады
26.05.2026, 17:35
WorldSkills Astana – 2026: Жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алды
26.05.2026, 17:30
Алматылық өнертапқыш халықаралық грант жеңіп алды
26.05.2026, 17:27
Әкесі сал баласына жаттығу құралдарын қолдан жасап жүр
26.05.2026, 17:25
Шалқар ауданында 120 жыл болған мектептің орнына жаңасы салынды
26.05.2026, 17:22
Атырау облысында 320 шақырым тасжол жөнделеді
26.05.2026, 17:20
Қызылжарда логистикалық хаб ашылады
26.05.2026, 17:17
Су үнемдеуге арналған цифрлық платформа енгізілді
26.05.2026, 17:15