Құбыр жарылып, тұрғындар жылусыз қалды (толығырақ)
|
Бұл - күндізгі сағат 13.00 шамасында Сейфуллин мен Райымбек көшесі қиылысындағы көрініс. 40 жастағы ер адам жолдың арғы бетінен қызын өткізе алмай әбігерге түсуде. Ел-жұрт болып жүріп әрең дегенде ыстық судан құтқарды.
Ғалымжан Сапарбаев, қала тұрғыны:
Өте алмай, қиындық болып жатыр. Су ыстық, жарты сағат болды тұрғанымызға ешқандай шара қолданбай жатыр.
Ыстық су буынан көлік жүргізушілеріне қиындық туды. Сабақтан шыққан балалар автобустарын көрмей абдырды. Тұрғындарды шаршатқан апаттың себебі сол баяғы ескі құбырлардың жыры. Шіріген құбыр ақыры жарылып тынды.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан 2 ай бұрын дәл осы тұстан атқылаған ыстық судан 9 адам күйген.
Ян Гирин, «Алматы жылу холдингі» МКК баспасөз хатшысы:
Диаметрі 800 миллиметр көлемінде жарылған құбырдың әбден тозығы жеткен. Соның салдарынан жаяу жүргіншілердің жолын көп мөлшерде ыстық су басты. Қазір көпқабатты 63 тұрғын үй, 2 мектеп пен 2 балабақша және 2 аурухана жылусыз қалды.
Мамандар айтқандай қазір мұнда құбырды жамау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалай бүтінделеді солай жылу да беріледі. Оған дейін тұрғындар электр қуатының күшімен күнелтуге мәжбүр. Төтенше оқиғаны қалалық әкімшілік тікелей бақылауға алды.
Айгүл ЕРМАХАН
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44