Аязда қалған Түркия азаматы құтқарылды
Еліміздің көп аумағында аяз болып тұр. Соның салдарынан жолдар жабылып, халықаралық, өңіраралық қатынас қиындауда. Қызылордалық жол патрульдік полицейлері «Самара-Шымкент» тас жолы бойында көлігі бұзылып, жарым жолда қалған түрік азаматын құтқарды.
Жолаушының айтуынша, көліктің пеші де істен шыққан. Жол полицейлерін жолықтырғанша біраз қиналған. Тіпті көлігін тастап, басын сауғалап кетуге де бел буыпты. Дегенмен, Шымкент бағытына қарай бет алған көлік жүргізушісі Мұстафа Акимге полицейлер дер кезінде көмек көрсетті.
Мұстафа Аким, жүргізуші:
Күн қатты суық екен. Мен бұлай болады деп ойлаған жоқпын. Діттеген жеріме жете алмай, қатты қиналдым. Кім біледі, егер жол сақшыларына кезікпегенімде, аязда үсіп кетер ме едім? Қызылордалық полицейлерге рахмет айтамын.
Ерік Нұрмағамбетов, Жол патрульдік полициясының аға инспекторы:
Қызылорда қаласына шамамен 10-ға жуық автокөлікті жеткіздік. Көліктердің жанар-жағармай, суы қатып қалып жатыр. «Самара-Шымкент» тас жолында көмек көрсетіп, қызмет атқарып жатырмыз.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талдықорғанда оқушылар мен студенттер IT жобаларын ұсынды
20.03.2026, 13:18
Халықаралық ұйым өкілдері Наурыз мейрамымен құттықтады
20.03.2026, 13:12
Мәскеудегі қазақтар жаңа Конституцияға үміт артады
20.03.2026, 13:09
Енді дербес деректерді қорғау күшейтіледі
20.03.2026, 13:03
Алатау қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң бірінші оқылымда мақұлданды
20.03.2026, 13:00
Түркия елшісі: Наурыз – түркі әлемін біріктіретін мереке
20.03.2026, 10:01
Жаңа Конституция – ел үшін жаңа дәуір
20.03.2026, 10:00
Нетаньяху: Иран уран байыту және баллистикалық зымыран жасау мүмкіндігінен айырылды
20.03.2026, 09:59