Құбыр жарылып, тұрғындар жылусыз қалды
Алматыда жылу құбыры жарылды. Райымбек даңғылы мен Сейфуллин көшелері қиылысындағы жер астынан атқылаған ыстық су 1,5 шақырым жерді алып кетті. Сағат түскі 1-лер шамасында болған апат салдарынан қалада көлік кептелісі болды.
Түк көрсетпейтін будан көлік жүргізушілері қиналып, сабақтан шыққан балалар автобустарды көре алмай, абдырады. Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар мамандары жұмыс істеуде.
Зардап шеккендердің тізімі әзірге жоқ. Естеріңізге сала кетейік, 19 желтоқсан күні дәл осы тұстан атқылаған ыстық судан 9 адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілген болатын.
Ян Гирин, «Алматы жылу холдингі» МКК баспасөз хатшысы:
Диаметрі 800 миллиметр көлемінде жарылған құбырдың әбден тозығы жеткен. Соның салдарынан жаяу жүргіншілердің жолын көп мөлшерде ыстық су басты. Қазір көпқабатты 63 тұрғын үй, 2 мектеп пен 2 балабақша және 2 аурухана жылусыз қалды. Апатты ауыздықтау кем дегенде 6 немесе 12 сағатқа созылуы мүмкін.
Айгүл ЕРМАХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14