Кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасалды
Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында тұратын кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасалды. Басына бетперде киген қарулы топ түн ортасында үйіне баса-көктеп кіріп келген.
Жары мен ұлының амандығын ойлаған кәсіпкер төрт жендетпен жалғыз алысып, қылмыскерлердің қолындағы бір шолақ мылтықты тартып алған. Бұлай боларын күтпеген қарақшылардың арам пиғылдары іске аспай, бой тасалап үлгерген.
Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер кәсіпкерді тонамақ болған төрт күдіктінің екеуін ұстады. Олардың бірі Қарағанды облысының, екіншісі Сайрам ауданының тумасы болып шықты.
Қалған екі азамат іздестірілуде. Күдіктілер мінген көліктің де ұрланған екендігі анықталды. Қазір бұл азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы:
Кәсіпкердің үйіне ақша тонау мақсатында кірген. Қарақшылық шабуыл түнгі 3-тер шамасында болған.
Нұрлан ӘЛІМБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05