Статистика агенттігі өткен жылды қорытындылады
2017 жылы елімізде ауыл шаруашылығы санағы жүргізіледі. Бұл туралы Статистика агенттігінің алқа мәжілісінде айтылды. Агенттік өткен жылы «е-статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйені әзірлеуді аяқтады.
Есесіне, деректерді жинау, өңдеу және тарату процесі автоматтандырылды. Есеп-қисап қат-қат қағазбен емес, электрондық тәртіппен тындырылатын болды. Сондай-ақ, отырыста биылғы және болашақ жоба-жоспарлар бекіді.
Агенттік келер жылы статистикалық нысандарды қайта түгендесе, он жетінші жылы ауылшаруашылығына санақ жүргізеді. Ал биыл халықтың экологиялық таза өнімге қол жеткізу жайын зерттемек.
Бұдан бөлек, жаңартылатын энергия көздеріне, «жасыл құрылыс» бойынша атқарылатын жобалардың құны есепке алынады. Бұл Елбасы тапсырған «жасыл экономикаға» көшу алдындағы ең бір керек санамалау.
Әлихан Смайылов, ҚР Статистика агенттігінің төрағасы:
Елбасы биылғы Жолдауында «Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақ мерзімдік жоспарлау мен тұрақты экономикалық өсіммен айналысады» деген болатын. Осыған орай, еліміздегі мемлекеттік статистиканың дамуы Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттарының жүзеге асырылуына бағытталған.
Досымжан ЕРМҰРАТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05