Елдегі діни ахуал тұрақты
Қазақстандықтардың 90 пайызы еліміздегі діни ахуалды тұрақты деп бағалаған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілханов хабарлады.
Агенттік барлық өңірде әлеуметтік зерттеу жүргізген. Бірақ, агенттік басшысы зерттеуге қанша адам қатысқанын нақты айтқан жоқ. Белгілісі, барлық аймақта сарапшылар мен дінтанушылардан және діни бірлестіктер өкілдерінен тұратын 500-ге жуық ақпараттық топ жұмыс істейді.
Олар былтыр 1 миллион 300 мың азаматпен кездесу өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдарына 7 мыңнан астам мақала жариялаған. Белгілі болған тағы бір жайт, былтыр агенттік пен Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы қолға алған «Терминал арқылы садақа қабылдау» жобасы әзірге жұмыс істеп тұрған жоқ.
Өткен жылы агенттік басшылығы халықтың имамдарға деген сенімін арттыру үшін аталмыш электронды садақа қабылдау аппараттарын іске қосамыз деген болатын.
Марат Әзілханов, ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы:
Қазіргі таңда садақа жүйесі жүзеге асырылған жоқ. Бұл өте күрделі сұрақ. Оны ала салып, енгізе салатын жеңіл зат емес. Сондықтан, қазір Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы жобаны әзірше зерттеп жатыр. Біздің білуімізше, олар бірнеше облыс орталықтарында жоба ретінде енгізгісі келеді. Бірақ әзірге ол жүзеге асырылған жоқ.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Солтүстік Қазақстанда «Nomads-AI» креатив орталығы ашылды
23.12.2025, 10:11
Әлем нарығында алтын бағасы 4400 доллардан асты
23.12.2025, 10:10
Сирияда үкімет әскері мен күрд жасақтары қақтығысты
23.12.2025, 10:08
Өзбекстанда Қазақстан капиталымен жұмыс істейтін компаниялар қатары көбейіп келеді
23.12.2025, 10:07
Еуразиялық экономикалық одақта дәрілік заттардың ортақ нарығы құрылады
23.12.2025, 10:06
ШҚО-да жүкті әйел тікұшақпен облыс орталығына жеткізілді
23.12.2025, 10:06
Маңғыстауда атмосфералық ауаға күкіртті көміртек таралды
23.12.2025, 10:04
Ұлттық компанияның атын жамылған алаяқтар көбейді
23.12.2025, 10:04