Қарағандыда студенттер үшін жолақы құны 50 теңге болады
Қарағанды облысында II Дүниежүзілік соғыс ардагерлері коммуналдық төлемдерден толық босатылады. Сондай-ақ, студенттердің де қоғамдық көлікпен жүруі бұрынғы тариф бойынша 50 теңгеден болады.
Бұл туралы облыс әкімі Бауыржан Әбдішев жергілікті телеарнада тікелей эфир арқылы берген сұхбатында мәлім етті. Аталған жеңілдіктер алдағы наурыз айының 1-ші жұлдызынан бастап іске асырылады.
Уақыт өткен сайын жеңіс сарбаздарының қатары сиреп барады. Қазір облыста 554 II Дүниежүзілік соғыс ардагері тұрып жатыр. Сондықтан, оларға барынша жағдай жасау қажет.
Ал, Қарағанды өңірінде білім алып жатқан студенттер саны 35 мыңнан асады. Жақында ғана бекітілген 80 теңгелік жолақы тарифі олардың қалтасын қаққаны рас. Енді бірер айда қоғамдық көлікпен бұрынғыша 50 теңгемен қатынайды.
Бауыржан Әбдішев, Қарағанды облысының әкімі:
Наурыз айынан бастап II Дүниежізілік соғыс ардагерлері коммуналдық төлемнің барлық түрінен босатылады. Біз оларды барында бағалай білуіміз қажет. Сондай-ақ, студенттердің қоғамдық көлікпен жүруіне жеңілдік есебінде бұрынғы 50 теңгелік тарифті қайтарамыз. Тіпті арнайы бағыттағы маршруттарды да қарастырып жатырмыз.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05