Мемлекет шекарадан басталады
Бүгін Сенат депутаттары Икрам Адырбеков пен Мұхтар Алтынбаев Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының оқытушылары және курсанттарымен жүздесті.
Халық қалаулылары болашақ офицерлерге ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы туралы сөз қозғап, басты құжаттағы басым бағыттарға тоқтады.
Әсіресе, Елбасының Қарулы күштерде мінсіз тәртіп пен техникалық дайындықтың болуы шарт деген ойын сабақтады. Себебі, құқық қорғау жүйесінің жұмысын нақты жолға қою - болашақ ел дамуының бір тармағы.
Кездесу соңында сенаторлар академияның оқу-материалдық базасын, шекаралық бақылауды басқару кафедрасы мен қызметтік иттерді дайындайтын тәлімбағының жұмысымен танысты.
Икрам Адырбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Осы шекара шебіндегі бүгінгі жеткен жетістіктерін олар бізге мақтанышпен айтты, Жалпы, Президент Жолдауындағы көрсетілген бағыт-бағдардың барлығын өте жақсы қабылдайды. Өйткені олар оның терең сезінеді. Міне, бүгінгі кездесуімізде біз оны жіті байқадық.
Әйгерім МУСИНА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05