Заңды елемейтін жасөспірімдерге тәртіпті қатаңдату керек
Соңғы жылдары жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық көбейіп кетті. Мәселен, Астананың бір ғана Сарыарқа ауданы бойынша былтыр 1671 құқық бұзушылық фактісі тіркеліпті.
Оның 1511-не айыппұл салынса, заң бұзған 160 жасөспірім қамауға алынған. Бұл туралы аудандық прокуратура өкілдері мәлімдеді. Жас болса да, заңды елемейтін азаматтарға тәртіпті қатаңдату керек, дейді олар.
Ал, оқыс оқиғалардың алдын алып, құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін аудандық прокуратура өкілдері қалалық колледж студенттеріне «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» атты тақырып аясында дәріс оқуды қолға алды.
Мақсат Айтымбетов, Сарыарқа аудандық прокурорының көмекшісі:
Дәрістің мақсаты - жастар арасында құқықтық сана-сезімді және патриоттық рухты күшейту. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығына сәйкес, оқу орындарында прокуратураға жүгіну жәшіктері орнатылды. Бұл жәшіктер арқылы әрбір оқушы немесе студент құқық бұзушылық туралы прокурорға хабарлай алады.
Айдана ҮСЕНБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05