Лаңкестік топқа қаражат аударғандар қолға түсті
Қазақстандық төрт азаматқа лаңкестік топты қаржыландырды деген айып тағылды. Қаржы полициясы ресми өкілінің хабарлауынша, қарағандылық үш азамат соңғы екі жыл бойы шетелдегі террористік топқа ақша аударып отырған.
Бүгінге дейін олар жалпы сомасы 600 мыңнан астам теңгені шетел асырған. Ал атыраулық тағы бір азамат халықаралық террористік ұйымды қаржыландырып келген. Ол банк арқылы теріс пиғылды жандардың шотына 2 мың АҚШ долларын салған. Қазір аталған қылмыстық істер тергелу үстінде.
Мұрат Жұманбай, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі:
2013 жылы Қаржы полициясы органдары діни ағымдардың өкілдеріне және олармен сыбайлас тұлғаларға қатысты экономикалық және қаржылық қылмыстарды жасау фактілері бойынша 81 қылмыстық іс қозғады. Олардың 50-і қарау үшін сотқа жолданды.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05