Мәжіліс депутаты қоғамдық қабылдау өткізді
Бүгін Мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев Астана қаласындағы «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық қабылдау бөлмесінде бір топ қария мен қала тұрғындарын қабылдады.
Арыз-шағымын арқалап келгендердің көбі - Ауған соғысы ардагерлері мен «Жас отан» жастар қанатының мүшелері. Күйттегені - бір. Жұмысқа орналасу, баспана, жер мәселесі, сондай-ақ, материалдық көмек алу жайы.
Халық қалаулысы тұрғындардың талап-тілегін зейін қоя тыңдап, терең талқылады. Сондай-ақ, келіп түскен өтініштер ескерусіз қалмай, құзырлы мемлекеттік органдарға жөнелтілетінін айтты.
Бақдәулет Ахметов, Ауған соғысының ардагері:
Менің келген себебім - үй мәселесі. Жәрдем береміз деп жатыр. Алдымызда 25 жылдық мереке келе жатыр. Соған жәрдем болып қала ма, деген ниетпен келіп отырмын.
Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Мәселелердің ең төрінде тұрғаны - жұмыс пен пәтер. Көбісін Үкімет қолдан келгенше шешіп жатыр. Шешілмеген мәселелер осы жерде көтеріліп жатыр. Әрине, осының барлығын біз жоғары жаққа жеткізіп, қолдан келген көмегімізді беріп жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05