Шығыс Қазақстан облысы: «Ертіс» ұлттық компаниясы игі шараларға үлес қосуда
Бизнес жобаларға жан бітіруді, істеп тұрған өндіріс ошақтарына инвестиция тартып, қанаттандыруды қолға алған «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына жаңа серпін беруде. Компания 2009-2013 жылдар аралығында құны 2,5 миллион теңге болатын 14 жобаны жүзеге асырған.
«Жұмыспен қамту-2020», «Моноқалаларды дамыту», тұрақтандыру қоры, ТҮКШ, «Нұрлы көш», «Өнімділік 2020» сынды бірқатар бағдарламаларға қанат бітірген «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қарамағында 4 индустриалды аймақ бар.
Әзірге, олардың арасында семейлік «Өндіріс» кәсіпорны ғана нәтижелі жұмыс атқаруда. Бүгінде сапалы өнім, заманауи техниканы тиімді пайдалану мәселесі туындап отыр. Ол үшін сервистік дайындау орталықтарын біріктіру ұсынылуда.
Арман Бекбосынов, «Ертіс» ӘКК» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы:
Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Сервистік-дайындау орталықтарын біріктіру керек. Білікті басшы басқарсын тек оны. Мысалы, тері өңдеу бойынша өңірде екі зауыт жұмыс істеп жатыр. Оларға қолдау барынша көрсетілуде. Бірақ, тиімді пайдалану жағынан ақсап тұрмыз.
Корпорация тарапынан пайдалы қазбалар жұмысы бойынша 49 мекемемен келісім жасалды. Ағымдағы жылы тағы 15 келісім кезегін күтіп тұр. Инвесторларды тарту ісі де жандануда.
Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Жұмыстар жүргізіліп жатқаны байқалады. Бірақ, корпорация құрудағы бастапқы мақсатымыз толық орындалмай жатыр. Біз өз тарапымыздан қолдау көрсетудеміз. Әсіресе, қарызды қайтару бойынша жұмыс бәсең. Жоғарыда аталған 4 мәселелі нысанмен жұмысты күшейту керек. Біздің экономикамыз үшін бұл маңызды.
Жаңа жұмыс жылында 13 жобаның тұсауы кесілмек. Мұның барлығы да өңіраралық байланысты нағайтуда өз нәтижесін берері сөзсіз.
Мерей МҰРАТХАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05