Алматыдағы көтерме сауда кешенінде өрт шықты
Кеше кешкісін Алматы қаласындағы Райымбек даңғылы мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында орналасқан ірі көтерме сауда кешеніндегі «Жұлдыз» базары өртке оранды.
Құрылыс жүргізіліп жатқан қойма павильонынан шыққан өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Соның салдарынан 10 сауда контейнері жанып кетті. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуына кінәлілер мен шығын есептелуде.
Виктор Александрович, қалалық өрт сөндіру қызметінің жетекшісі:
Өрттен жапа шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 15 негізгі, 5 арнайы техника және жеке құрамның 60 адамы жұмылдырылды. Осы жедел әрекет нәтижесінде сағат 18.30-да өрт оқшауланды, сағат 7-ден аса толықтай өшірілді.
Роза Оңалбаева, кәсіпкер:
Күзетшілер оқиға кезінде қайда қараған?! Электрик те өрт шыққан кезде жанында тұрған. Өзіміз өшіреміз, ештеңе етпейді деген. 15-20 минуттың ішінде өртке оранды. Барлық заттар, құжаттарымыз жанып кетті. Айтқан талаптарын орындап, салықты уақытында төлеп отырмыз. Қыста сауда да дұрыс жүрмейді.
Дәурен ДАРИЯБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18