Ақмола облысында пәтерде немесе өзге де қоғамдық орындарда бас қосуды әдетке айналдырған ішімдікқұмар жандардың саны артып отыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, дәл осындай жерлерде заңбұзушылық жиі болады екен. Әрі ішімдіке бөгіп, мас болғандар көршілерінің тыныштығын алатын көрінеді.
Мұндай келеңсіздікті болдырмау үшін полиция қызметкерлері Ақмола облысы бойынша рейд ұйымдастырды. Үш күннің ішінде 764 нысан тексерілді. Оның 60-ы жеке пәтерлердің еншісінде. Нәтижесінде 357 әкімшілік заң бұзушылық анықталды. 322 адам ішімдік ішіп, тәртіп бұзғаны үшін жазаға тартылды. Сондай-ақ, мастықпен қылмыс жасағандар да тіркеліп отыр.
Серік Зейнуллин, әкімшілік полиция бөлімінің бастығы:
2014 жылы өзгенің өміріне қастандық жасап, денесіне ауыр жарақат салуға байланысты екі дерек тіркелді. Қазіргі таңда ащы суға тәуелді 10 адамды Селита елді мекеніне емделуге жіберіп жатырмыз.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ