Сыртқы саясат тұжырымдамасы - еліміз үшін маңызды құжат
Елбасының биылғы Жолдауындағы міндеттерге сәйкес жарық көрген еліміздің 2020 жылға дейінгі сыртқы саясатының тұжырымдамасы - еліміз үшін маңызды құжат. Бұл қадам арқылы Қазақстан әлемге ашық әрі түсінікті саясат жүргізіп жатқанын жария етті.
Маңызды құжатта алдағы алты жылда Отанымыздың сыртқы саясатты қалай жүргізетіні, қай мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастық нығайтатыны айқын көрсетілген. Әсіресе, бұл бастама болашақ дипломаттар үшін маңызды, дейді шығыстану факультетінің деканы Баян Жұбатова.
Баян Жұбатова, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универсиеті шығыстану факультетінің деканы:
Шындығында біздің сыртқы серіктестеріміз, басқа азиялық университеттердің өкілдері Қазақстанды жеке алып зерттемейді. Оны Орталық Азиядағы үлкен рөл атқарып отырған мемлекет ретінде қарастырады. Тұжырымдамада Орта және Таяу Шығыстағы саяси ахуалға үлкен мән беріледі және Қазақстанның мүддесі сол өңірлердегі саяси тұрақтылықты қолдау екеніне ерекше назар аударылған.
Айгүл ЕРМАХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Димаш мексикалықтардың жүрегін жаулады
16.11.2026, 10:09
Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады
16.11.2026, 10:08
COP31: Қазақстан «жасыл» экономикаға мол инвестиция тартты
16.11.2026, 10:07
ШҚО-да 32 ветеринариялық нысан салынып жатыр
16.11.2026, 10:06
Енді Алматы әуежай жылына 9 миллион жолаушыға қызмет көрсетеді
16.11.2026, 10:06
Автобусқа балалар арбасымен кіруге тыйым жоқ
16.11.2026, 10:04
Халық пікірі: Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның айқын белгісі
16.11.2026, 10:03
Жамбыл облысы бойынша 800-ге жуық адам интернет-алаяқтарға алданды
16.11.2026, 10:01