Әкім жылдық есебін қорытындылады
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Астана қаласының Алматы ауданында былтыр 1963 мың адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы аудан әкімі Сағым Бекбол мәлімдеді. Сондай-ақ, аймақ басшысы инвестиция тарту ісі бойынша да бірқатар жұмыс жүргізілгендігін тілге тиек етті.
Нақтырақ айтсақ, 2013 жылы аудандағы тұрғын үй құрылысына 24,2 миллиард теңге инвестиция бағытталып, жалпы ауданы 480 мың шаршы метрді құрайтын 14 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Әкімнің айтуынша, ауданның демографиялық хал-ахуалы да көңіл көншітерлік. Мәселен, 2012 жылдың қорытындысы бойынша қалада 21 266 перзент дүниеге келсе, 2013 жылы бұл көрсеткіш 22 600 сәбиді құраған. Оның 11 325-і Алматы ауданында туған нәрестелер.
Сағым Бекбол, Астана қаласы Алматы ауданының әкімі:
Ауданымызда 1783 «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері және 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған 2273 ана бар. Барлық көпбалалы аналарға жалпы сомасы 12 миллион теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, өткен жылы тағы да 64 көпбалалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды.
Айдана ҮСЕНБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05