Мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы - мемлекет назарынан тыс қалған емес. Енді міне Елбасы келер жылдан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылуы тұрғысындағы әлеуметтік жәрдемақылары көлемін 25 пайызға арттыруды тапсырды.
Мұндай қамқорлық қамкөңіл жандарды қуантып, көңілдерін серпілтті, дейді Батыс Қазақстан облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанов. Жолдауда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан - еш кедергісіз аймақ болуы тиіс екендігі айтылды. Ақжайық өңірінде 21 мыңнан астам мүгедек болса, олардың жұмыс істеуі, кәсіпкерлікпен айналысуы, спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай жасалуда.
Жұмажан Қожжанов, облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы:
Мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысының өсетіндігі бұл қуантарлық жай деп ойлаймыз. Осы шараларды мүмкіндігі шектеулі жандар күтіп жүреді. Себебі денсаулығына байланысты, мұқтаждығы бар, жұмыс істей алмайтын адамдар бар сондай адамдарға жақсы қолдау деп есептейміз.
Рауан ДИӘЛИ