Тепловоз бен автобус соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тепловоз бен автобус соқтығысты

01.02.2014
Тепловоз бен автобус соқтығысты

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданы аумағындағы теміржол өткелінде тепловоз бен автобус соқтығысып қалды. Таңертең сағат 8.00 шамасында жекеменшік компанияның 20-дан астам жұмысшысы отырған көлік жүргізушісі жол жүру ережесін сақтамаған көрінеді.
 
 Оқиға салдарынан бір адам жарақат алып, жедел жәрдем көмегіне жүгінді. Қалғандары дін-аман. Апат орнында қираған тіреуіштер мен бөгеттер қалпына келтіріліп жатыр.
 
Медет Жиғанғалиев, облыстық аурухананың Хирургия орталығының жетекшісі:
Бір әйел бел тұсынан жарақат алып, бізден көмек сұрады. Барлық сараптама алынып, ультрадыбыстық тексеру жасалды. Ол бұдан әрі емін емханадан жалғастыруға жіберілді. Оның жарақаты аса ауыр емес деп бағаланып отыр.
 
Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу