ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының сыйлықтары табысталды
Тұңғыш Президент - Елбасы қорының дәстүрлі өнер және мәдениет, жас ғалымдар мен талантты жастарды марапаттау рәсімі өтті. Игі шара 2008 жылдан бері қолға алынып, еліміздегі физика, химия, медицина саласындағы ұтымды ғылыми-техникалық бағдарламалар мен инновациялық әзірлемелерді ұсынған азаматтарға арнайы сыйлықтар бұйырады.
Биылғы бәйгеге еліміздің әр өңірінен 300-ден астам қатысушы еңбектерін жолдаған. Іріктеу барысында 50 материал үздік деп танылып, оның тек 17-сі жүлдеге ие болды.
Нәтижесінде Қазақстанның өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін суретші Бақыт Бүбіқанова Президент қорының лауреаты атанды. Ал еліміздің хореографиясын дамытып, оны алыс-жақын шетелдерге танытқан Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының орындаушысы Дмитрий Сушкин арнайы сыйлыққа ие болды.
Ал жас кардиохирург Серік Бекбосыновтың жүрек ауруларын емдеу туралы ғылыми жобасы комиссия тарапынан жоғары марапатқа лайық деп танылды.
Серік Бекбосынов, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының кардиолог дәрігері:
Біздің кардиохирургиялық орталықта көптеген өте күрделі операциялар жүргізіліп жатыр, инновациялық технологиялар пайдаланылуда. Соған байланысты осындай диплом алғанымызға өте қуаныштымыз, өте ризамыз.
Әйгерім МУСИНА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті
05.07.2026, 20:03
ӘЧ-2026: Футбол матчтарына 5 млн-нан астам адам келген
05.07.2026, 19:48
Астанадағы Ұлттық музейде Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ тақтасы бар
05.07.2026, 19:44
Жол апаты неге азаймай тұр?
05.07.2026, 19:42
Алғаш рет әкімшілік істер бойынша жауапқа тартылған азаматтарға рақымшылық жасалады
05.07.2026, 19:40
Құрылтай сайлауына партиялар кандидаттар тізімін бекіте бастады
05.07.2026, 19:32
Қос палаталы Парламент: 3,5 мыңға жуық заң қабылданды
05.07.2026, 19:31
«Ақ жол» партиясы Құрылтай депутаттығына үміткерлердің тізімін жариялады
05.07.2026, 13:30