Академик Қ.Сәтпаев есімі - ел есінде
Аса көрнекті қазақ геологы, белгілі ғалым Қаныш Сәтпаевтың өмірден озғанына бүгін - 50 жыл. Осыған орай Алматыда қоғам қайраткерін еске алу кеші өтті. Жиында ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері ғалымның өмірі мен қызметі жайлы естеліктер айтып, адами қасиеттері турасында тебірене әңгімеледі.
Қаныш Имантайұлы 65 жыл ғұмырының ат жалын тартып мінгеннен кейінгі шағын ұлт ғылымының ілгерілеуіне арнады. Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеп, елдегі металлогения мектебінің негізін қалады.
Қазақ ғылым академиясының алғаш ұйымдастырушысы әрі тұңғыш президенті болған академик, ғылымнан өзге мәдениет, тарих саласында да іргелі істердің ұйытқысы болды.
Әбдімәлік Нысанбаев, ҚР ҰҒА академигі:
1999 жылы 100 жылдығы болды ЮНЕСКО өткізді. Сонда Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз XXI ғасырға Сәтпаевпен бірге аттаймыз» деді. Ол - ғұлама ғалым. Әлемдік деңгейде, қазақтың металлогениялық картасын жасаған ғалым. Революционер ғалым. Менделеевтің химиялық системасы қандай болса, бұл да сондай жаңа система жасады.
Жазира ИСАЕВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер
25.09.2026, 11:13
Мәскеуде Қазақстан елшілігі ғимаратындағы Ту төмен түсірілді
25.09.2026, 11:12
Ресей президенті Маңғыстаудағы сарбаздар қазасына байланысты көңіл айтты
25.09.2026, 11:10
Ауруханаға жеткізілген сарбаз есін жинады
25.09.2026, 11:09
Маңғыстаудағы жағдай: Екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды
25.09.2026, 11:08
Бас прокуратура: 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды
25.09.2026, 11:06
Каспийдегі қайғылы оқиға: Әр лауазымды тұлға қатаң түрде жауап береді
25.09.2026, 11:05
Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды
25.09.2026, 11:03