Қызылордада «Интеллектуалды қиылыс» жобасы жүзеге асырылуда
Қызылордада көше қиылыстарына заманауи қондырғы яғни, лазерлі камералар орнатылуда.
«Интелектуалды қиылыс» деп аталатын бұл бағдарлама бағдаршамның тыйым салынатын белгісі жанғанда өтіп кету, тоқтау сызығын басып өту, жолдың қарсы бағытына шығу сияқты жол ережелерін бұзғандарды автоматты түрде таспаға түсіріп, көліктің кімге тиесілі екендігін анықтайды.
Жол ережесін бұзған азаматқа құқық бұзу фактісі бойынша ұйғарым шығарылып, «Қазпочта» қызметі арқылы нақтыланған мекенжайға жіберіледі. Өзінің жол ережесін бұзғаны туралы анықтамамен танысқан жүргізуші 30 тәулік мерзім ішінде айыппұлын төлеуге міндетті.
Раушан Шоқаева, ОІІД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:
Осы замануи құрылғылардың тиімділігі - жол ережесінің бұзылуын көптеп анықтауда. Қазіргі таңда күніне 300-400 құқық бұзушылық анықталып, мөлшері 20 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05