Оралда сауда кешені отқа оранды
Орал қаласының орталығындағы «Комплекс Каменный» сауда кешені қызыл жалынның құшағында қалды. Дабыл бойынша жедел жеткен өрт сөндірушілер отқа оранған ғимараттан адамдарды шығарса, жол-патрульдік полициясының жасақтары Құрманғазы және Дина Нұрпейісова көшелеріндегі көлік қозғалысына шектеу қойды.
Тілсіз жаумен күреске қаладағы 4 бөлімшенің 65 қызметкері жұмылдырылды. Соған қарамастан, кешен шатырын түгел шарпыған өртті жылдам сөндіру мүмкін болмады.
Әрі суды лезде мұзға айналдырған қатты аяз бен күшті жел де мамандардың жұмысына біраз кедергі келтірді. Түсте бастаған өртті төтенше жағдайлар қызметкерлері тек түн ауа сөндірді.
Нұрболат Егінбаев, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:
Өрт 1000 шаршы метрді шарпыған. Өрттің себебі, неден болғаны, қалай болғаны бәрі де анықталады. Зардап шеккен адам жоқ.
Рауан ДИӘЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05