Бірнеше облыста күн күрт суытты
Сарыарқаның қызылшұнақ аязы басылмай тұр. Дәл қазір Елордада ауа температурасы минус 32 градусты көрсетіп тұр. Тек Астанада ғана емес, еліміздің бірнеше облысында алдағы күндері ауа райының тұрақсыздығы сақталады.
Жер-жерлерде қар, боран, қатты жел болуы мүмкін. «Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел күшейеді.
Сондай-ақ, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында күн күрт суытады. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде де аяз күшейеді.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері жеке бастың қауіпсіздігі үшін тұрғындарға боранды күндері алыс жолға шықпауды ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізі мен Жайық өзенінің экологиялық мәселелері талқыланды
05.06.2026, 20:56
5 маусым - Экологтар күні
05.06.2026, 20:54
Солтүстікте агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланды
05.06.2026, 20:52
«Ауыл» партиясы мен «Ардагерлер ұйымы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
05.06.2026, 20:50
Әскердегі жасанды интеллект: Болашақ сарбазы қандай болады?
05.06.2026, 20:47
Қазақстанға әйгілі Du Soleil циркі келді
05.06.2026, 20:44
«Хезболла» тобы ымыраны қолдамады
05.06.2026, 20:10
Эболадан қаза тапқандар саны 60-қа жетті
05.06.2026, 20:09