Еңбек түбі – береке
Кәсіпкерлік күн көріс көзі ғана емес, адамның өмірде өз орнын табуына да көмектеседі. Бұл теріскейлік Айман Шәріпбаеваның пайымды пікірі. Облыс орталығынан 400 шақырым қашықтықтағы шалғай ауылда тұратын оның мемлекет көмегіне жүгініп, шағын наубайхана ашқанына аса көп уақыт бола қойған жоқ. Соған қарамастан, бүгінде ісі алға басуда.
Айман Шәріпбаева «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының шарапатын көрген жан. Талайдан бері жұмыссыз үйде отырған ол, бұрнағы жылы кәсіп ашуға ниет білдіреді. Жұмыспен қамту орталығына барып, қажетті құжаттарды жинайды.
Айман Шәріпбаева, кәсіпкер:
Жеріміз бен үйімізді кепілге қойып, 1 миллион теңге несие алдық. Сосын балам, жолдасым барып, құрылыс материалдарын сатып алды. Осы наубайхананы салдық. Бірінші жылы үлгермедік, суық болды. Былтыр қаптап алдық. Ақша аз болып тұр, күніне бір жарым қап ұн илейміз.
Қазір наубайханада күніне 100-150 бөлке нан пісіріледі. Тұқым себу және егін орағы науқаны кезінде тапсырыс 400-ге жетеді. Осындай қат-қабат қарбалас сәттерде, қосымша тағы бір жұмысшы алады.
Гүлбаршын Ермекова, наубайханашы:
Қыркүйек айында көшіп келгенмін. Үйде отырмайын деп жұмысқа шықтым. Айына 25 мың теңге төлейді. Күнде сағат сегізде келемін. Жексенбі – демалыс. Күніне 150-100 бөлке нан пісіреміз.
Айман Шәріпбаеваның ендігі мақсаты - наубайхана жанынан дүкен ашу. Ол ерінбеген адамның қыруар олжаға кенелмесе де, ел қатарлы күн көруіне мүмкіндік барын жақсы түсінді. Жерлестерін де қарап отырмай, нақты іспен айналысуға шақырып жүр.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05