Өскеменде кеншілер жер үстіне шықпай қойды
Біріншіден, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға бүкіл ұжыммен жауап беру туралы қағиданы қайта қарауды талап етуде. Яғни, ұжымда бір адам техникалық қауіпсіздікті бұзса, барлығы еңбекақыға қосылатын сыйақыдан айырылады.
Таяуда, кеніште екі оқыс оқиға болыпты, сондықтан жұмысшыларға енді 3 ай сыйақы берілмейді, делінген. Бұдан бөлек, кеншілер жалпы жалақыны өсіруді, жұмыс істеуге жағдайды жақсартуды талап етіп отыр. Біраз уақыт бұрын оқиға орынына облыс басшылығы, прокурор, еңбек инспекциясы және кәсіподақ ұйым өкілдері аттанды.
Қазір олар кеніш қызметкерлерімен келіссөздер жүргізіп, еңбек дауын дұрыс жолмен шешу жөнінде сөйлесіп жатыр. Шемонайха ауданында орналасқан Артемьев кеніші 2005 жылы ашылған. Бүгінде мұнда 1 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олар жылына 1,5 миллион тоннаға жуық мыс, мырыш және қорғасын кендерін өндіреді.
Қанат Сембаев, бұрғылаушының көмекшісі:
Мен бұрғылаушының көмекшісі болып жұмыс істеймін. Ақша төлемейді, 60 мың теңге ғана. Алдында 75 мың теңге төлеп жүрген, ол да жоқ. Жұмыс істеуге жағдай жоқ, сыйақы жоқ.
Антон Плотников, «Кәсіп Қазақмыс» кәсіподақ ұйымының филиал төрағасы:
Қазір кәсіпорын басшылары мен жұмысшылар арасында келіссөздер жүріп жатыр. Менің ойымша, жақын арада жағдай оң шешімін табады.
Берік КӨШЕРБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05