Елімізде діни бірлестік көп. Тіркелгені, тіркелмегені және бар. Өйткені діни ұйым құру қазір оңай. Бар-жоғы, бірнеше адамның қолын жинасаңыз болғаны, сектаңызды аша аласыз. Дегенмен бірлестіктің бәрі бірдей емес, бірі тура жолда, екіншісі теріс пиғылды болуы әбден мүмкін.
Осы орайда, жат діннің діттегенін білмей, жапа шегіп жүргендер шаш етектен. Бүгін сондай дәстүрлі емес ағымның бір топ құрбаны Елордада жиын өткізді.
«Благодать» астаналық қайырымдылық миссиясы» дейтін діни бірлестік бар. Оның біздің елде тамыр жаюына жол бермеу керек. Жат ағымның жетегінде кетіп, жапа шеккен жандар бүгін осылай деп дабыл қақты.
Гүлдана Әлменова, жәбірленушінің заңды өкілі:
Заңсыз түрде түрлі препараттар қолданған,сонымен қатар психорлогиялық әдістер қолданыдаджы оның бірі қылмиыстық істе жазылған. оның бәрін қазір айтып беру мүмкін емес. Өкінішке қарай жүрегімен келііріп кеткенадам ол жекініштісі қолындағысын бәрін береді.
Гүлдана Әлменова - осы ағымнан жапа жеккен Ләззат Әлменованың туысы. Естеріңізде болса, былтыр «Блогадать» шіркеуінің пасторы 34 жастағы келіншекті ажал құштыра жаздады. Бақытжан Қашқымбаевтың қолынан қызыл түсті су ішкен әйел «паранойялық шизофрения» деген диагнозбен ауруханаға түскен еді.
Бұл «Благодатьқа» қатысты бірінші дау емес. Сондықтан «Деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы» жапа шеккендерді қолдап отыр.
Юлия Денисенко, «Деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтарының қауымдастығы» ЗБҚ директоры:
Бұл жерде басты мақсатымыз біреуді жазалау емес, бастысы жапа шеккен жандардың тағдырына араша түсу. Және басқа да азаматтарды осындай жат пиғылды ағымдардан қорғау, дәстүрлі емес діндердің түрлі арбауынан сақтау.
«Благодать» шіркеуіне баратын қазақстандықтардың саны 5 мыңнан асып жығылады. Сорақысы, соқыр сенімнің жетегінде жүргендердің әрбір бесіншісі қазақ. Жиын барысында бірлестіктің бұрынғы басшысы Бақытжан Қашқымбаевтың діни кітаптары электрондық нұсқада ұсынылды. Онда пастор Ислам тек арабтарға түскен дін екендігін алға тартқан.
Заңның солқылдақтығын пайдаланған түрлі ағымдар әлі де көп. «Благодать» та солардың қатарында. Осы орайда теріс діни бірлестіктерді төңіректемесін деп, елімізде ақпараттық-насихат жұмыстары жүйелене бастады.
Мәселен, бүгін жастар жат діннің жетегінде кетпеуі үшін елордадағы Еуразия ұлттық университетінде жиын өтті. Мамандар адасқан діннің арбауына түспеудің бір жолы діни сауаттың жоғары болуы деп есептейді.
Айдана ҮСЕНБАЙ