Жетім балаларға қамқорлықты күшейту керек
Астана қаласы бойынша 1089 жетім бала бар. Оның 437-сі мемлекет қарауында. Ал қалғандары патронаттық отбасылар тәрбиесінде.
Ата-ананың аялы алақанына, қамқорлығына мұқтаж жандарға көмек беру мықтап қолға алынбақ. Бұл туралы бүгін «Жетім балаларды асырап алудың қолданыстағы жүйесін реформалау»атты отырыста айтылды.
Сарапшылар мен білікті мамандар бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды. Алдағы уақытта балалар тәрбиесі интернаттық үлгіден, отбасылық үлгіге ауысуы мүмкін. Арнайы отбасылық қолдау орталықтары ашылады.
Қасымхан Сенғазиев, Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары:
Елбасының былтырғы Жолдауында «Қазақстан-2050» стратегиясында әрбір бала отбасында тәрбиелену керек деп айтылған жоқ. Міне осыны орындау мақсатында балалар үйінде отбасыларды қолдау, кейін сол баларды сол отбасыларға беру туралы, сол іс-шараларды қалай ұйымдастыру керек жайында отырыс өткізіліп жатыр. Бұл жоспарды қазір талқылау болып жатыр. Осы жоспар орындалатын болса, барлық бала отбасында тәрбиелентін болады.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05