Сыртқы саясатты нақтылайтын жаңа құжат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыртқы саясатты нақтылайтын жаңа құжат

30.01.2014
Сыртқы саясатты нақтылайтын жаңа құжат
 

Кез келген елдің сыртқы саясаты оның ұлттық қауіпсіздігімен, қорғаныс әлеуетімен және ішкі тұтастығымен өлшенеді. Ал дәл осы ел дамуын бағамдайтын үш бағыт Қазақстанның 2014-2020 жылдарға арналған сыртқы саясатының жаңа концепциясында көрсетілген.

Мамандардың пікірінше, сиясы кеппеген құжат еліміздің тұтастығын нығайтуға жол ашады. Өңірлік интеграцияны дамытудың даңғыл жолына жөн сілтейді, оған қоса Қазақстанның халықаралық сахнадағы рөлін салмақты етуді көздейді.

 
Икрам Адырбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Тұжырымдамада Орталық Азиядағы интеграцияға қарым-қатынасқа, ішкі және сыртқы қауіпке бірлесіп іс-қимыл жасауға аса маңыз берілген. Бұл да бір жаңа мақсат, жаңа бағыт. Енді негізінен осы сыртқы саясаттағы бағыттарды, басымдықтарымызды іске асыратын болсақ, оның негізгі мақсаты - экспорттық потенциалымызды арттыру. Біздің елімізге барынша инвестиция тарту, инновация алып келу. Міне, осындай мақсаттар тұжырамада жан-жақты айқындалған. Біздің Қазақстанның дипломатиясы осы бағытта өте жемісті жүмыс істеп келеді.
 
Сұлтан Әкімбеков, ҚР Тұңғыш Президентінің қоры жанындағы әлемдік саясат және экономика институтының директоры:
Қазақстанның сыртқы саясатының концепциясы алғаш рет жасалып отыр. Бұл ең біріншіден дипломатиялық құжат. Қазір әлем елдері өзара бәсекелес. Бұл тұрғыда Ресей, Қытай сынды алпауыт көршілеріміз бар, АҚШ сынды ірі держава көп. Сондықтан өзара бәсекеге төтеп беру үшін сыртқы саясаттағы есемізді жібермеуіміз керек. Ал жаңа концепция Қазақстанның осы бағытта жұмыс істеуіне жол ашатын жүйелі құжат деуге болады.
 
 
 
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу