Борышкерлерге қатысты жаза күшейтілді
Отау құрып, балалы болып, бірақ кейін ажырасып кететіндер көп. Ал жесір әйел мен жетім балаға алимент төлегісі келетіндер аз. Қазір бізде 209 мыңдай азамат ай сайын алимент төлеуі тиіс.
Бірақ, олардың тең жартысы әкелік міндетін орындамай отыр. Енді балаларына атүсті қарап, 3 ай ішінде алимент төлемеген борышкер 2 жылға дейін бас бостандығынан айрылады.
Еліміздің іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша заңға осындай өзгерту енгізілді. Бұған қоса, алимент төлемеген жеке тұлғаның ел аумағынан алыстауына мүмкіндік берілмейді. Қазірдің өзінде 65 мың борышкерге шетелге шығуға тыйым салынды.
Енді алимент өндіру өнбейтін тірлік емес, қатал заңның арқасында қалыпқа келетін құбылысқа айналмақ. Заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар елдегі сот орындаушыларының мәртебесін көтеру мен құзыретін кеңейтуді көздейді.
Мадина Мұқашева, ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің бас сарапшысы:
Неке және отбасы Кодексімен біздің өзіміздің заңның арасында қарама-қайшылықтар болған. Өйткені, алимент бойынша борышкерлердің есептік сандары бойынша бұған дейін төмен есептік көрсеткіштен саналған болса, енді қазіргі таңда республика бойынша орта есеппен саналады және де бұл жерде балалардың материалдық құқықтары қорғалған болып есептеледі.
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Fifa World Cup: 2-тур ойындарының соңғы матчтары өтеді
23.06.2026, 20:31
Д.Сәтпаевтың трансферлік құны өсті
23.06.2026, 20:27
Қос елдің ортақ фильмі: Корея актерлары алматыға келді
23.06.2026, 20:26
Бүгін – Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
23.06.2026, 20:17
Бүгін - Мемлекеттік қызметшілер күні
23.06.2026, 20:11
«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтті
23.06.2026, 20:10
Орта дәліздің стратегиялық әлеуеті талқыланды
23.06.2026, 20:05
Брюссельдегі келіссөздер: Ықпалдастықтың жаңа бағыты айқындалды
23.06.2026, 20:05