Полицейлер пара алу үстінде ұсталды
Орал қаласында қаржы полицейлері пара алды деген күдікпен Ішкі істер органдарының екі қызметкерін қамауға алды. Тағы біреуіне үйде қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.
Олар алаяқтық әрекетке барған банк менеджерін бопсалаған. Оның кінәсін мойындатып, тұтқындаймыз деп қорқытып-үркіткен. Сондай-ақ тез арада 1 миллион теңгені тауып берсе, қылмыстық жауапкершіліктен құтылатындығын да жеткізген. Аталған қаржының 700 мың теңгесіне ие болып, қалған 300 мыңын алу кезінде қолға түсті.
Мәншүк Харесова, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
Батыс Қазақстан облысы қаржы полициясы департаменті Искендиров, Құрақов және Шуақбаевқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 311 бабы 4 бөлімінің «а», «б», «в» тармақтарымен, пара алу туралы қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар, Кураковқа пара алуда делдал болды деген айып тағылуда.
Рауан ДИӘЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05