Алматы қаласының прокуроры қоғамдық қабылдау өткізді
Алматыда заңбұзушылық көбейді. Бұл мәселе қала прокурорының қоғамдық қабылдауында белгілі болды. Берік Асыловтың алдына 20-дан астам тұрғын арыз-шағымдарын жайып салды. Әрқайсысының көтерген жүгі ауыр.
Бірі жерінен айрылса, енді бірі банк ісіне наразы. Ал бірі заңды белден басқан бассыздыққа жаны ауырады.
73 жастағы Боранбай қария баласын өлтірген күдіктінің бостандықта тайраңдағанына шағымданады. Талай есікті қағып, талай табылдырықты тоздырды. Ал, ақылы оқуда білім алатын немерелеріне төлейтін қаржысы жоқ. Прокурорға осы мәселені түбегейлі шешіп беруді өтінді.
Берік Асылов, Алматы қаласының прокуроры:
Өткен жылы 33 мың арыз келіп түскен. Оның 16 мыңы тергеу саласы бойынша. Жауаптарды бірден шешу заң бойынша жазылған. Бір айдың ішінде, 10 күннің ішінде шешуге болады.
Айгүл ЕРМАХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05