«Кедергісіз келешек» жобасы басталды
«Кедергісіз келешек». Еліміздің барлық өңірлерінде осындай атаумен «Нұр Отан» партиясының жаңа жобасы жүзеге аса бастады.
Мақсат - мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету, олардың түйткілді мәселерін шешуге көмектесу. Бұл үшін партияның қоғамдық қабылдау бөлімдері әр сәрсенбі сайын сағат 10-нан 12-ге дейін кембағал жандарды қабылдайды.
Шығыс Қазақстан облысында мұндай шара барлық аудан мен қалада ұйымдастырылды. Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі жұмысқа орналасу, материалдық көмек, жәрдемақы немесе баспана алу бойынша проблемаларын айтты.
Түсіпхан Түсіпбеков, «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
Бір аяғы жоқ адам болады, бірақ соны жыл сайын дәрігерлік-еңбек сараптама комиссиясына шақырып, оны ұзақ кезекте отыруға мәжбүрлейді. Неге? Түсінбейміз. Аяғы өспейді, сондықтан неге оған тұрақты түрде мүгедектік категориясын беріп, қоя бермейді деген сұрақтар туып жатыр. Бұл, осы таяуда келетін, Мәжіліс депутаттарының алдына қойылатын мәселе.
Берік КӨШЕРБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05