Жолдау - болашаққа бағдар беретін маңызды құжат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдау - болашаққа бағдар беретін маңызды құжат

30.01.2014
Жолдау - болашаққа бағдар беретін маңызды құжат
Ғылыми қамтымды экономика құру - ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Жолдауда айтылған Елбасының бұл бастамасы отандық ғалымдарға жаңа міндеттер жүктеді. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұстаздары теориялық білім берумен қатар өндірісті дамытуды қолға алмақ.
 
Бұл ретте жаңа өнім шығарудың ондаған кескіндемесі мен жобалары дайындалды. Оларды басқа жерлерге апармай-ақ облыс кәсіпорындарында жүзеге асыруға болады. Алюминийден жасалатын жылытқыштар, қалайы қасықтар мен пластикалық терезе, есіктерге қажетті жақтаулар. Бұларды шығарудың еш күрделілігі жоқ.
 
Жақында жасақталған конструктор мамандардың арнайы тобы бұл жұмыстарды бастап кетті. Олардың құрамына талантты студенттер де кірді. Бұл бастаманың тиімділігін индустриалды аймақ саналатын Павлодардың ғалымдары аз уақыттың ішінде дәлелдеп бермек.
   
Тілеуғазы Тоқтағанов, С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың металлургия, машина жасау және көлік факультетінің деканы:
Конструкторлық бюроларды құруға алғашқы мезетте материалдық тұрғыдан көмек болатын болса, біз онда бұл жұмыстарды жақсылап жандандырып келешекте өзін-өзі қаржыландыратын конструкторлық бюро жасар едік. Өйткені, сұраныс бар. Бізде Павлодар облысында бұрын бірнеше жобалау институты болған. Қазір олар жоқ. Ал, машина жасау зауыттары бар. Ал, оларға конструкторларды өздерінде ұстап немесе электронды бағдарламалар алу тиімді емес. Өйткені, көп ақша кетеді.  
 
Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу