Қазақстанның 150 елді мекенін су басу қаупі бар
Қазақстанның 150 елді мекенін су басу қаупі бар. олардың басым бөлігі еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда орналасқан. Оның үстіне, халқымыздың 6 миллионы осы аймақтарда тұрады.
Бұл деректі Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа мәжілісіне төрағалық еткен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев келтірді. Сондай-ақ, сақтықта қорлық жоқ екенін ескертті. Себебі - көктем жақын.
Осы орайда, бірінші вице-премьер министрліктің «Қорғас-1», «Қорғас-2» өзендеріне тосқауыл құрылғыларын салу туралы ұстанымдарын құптады. Саланың өткен жылғы көрсеткіштеріне өкпе жоқ.
Мәселен, төтенше жағдайлар салдарынан қаза болғандар саны - 16 пайызға, зардап шеккендер - 13 пайызға, жалпы төтенше жағдайлар саны - 18 пайызға кеміген. Бұл - республика бойынша.
Ал Жамбыл облысында - 25, Қостанайда - 14 пайызға артқан. Отырыстың қорытындысы бойынша, министрлікке сейсмологиялық бақылаулар желісін құру, қазандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құжаттар әзірлеу тапсырылды. Сондай-ақ, EXPO-2017 көрмесі орналасатын аумақта өртке қарсы қызмет мекемесін салу маңызды.
Владимир Божко, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
EXPO кезінде түрлі концерттер мен мерекелік шаралар көп болады. Бес милионға жуық қонақ келеді. Сондықтан, қауіпсіздік шаралары өте маңызды. Осыны ескеріп, бүгін Үкіметтен сол аумақтан арнайы жер бөлуді сұрадық. Комиссия да құрылады. Бұл алдағы уақытта белгілі болады. Алдын-ала кіріспесек, уақыт лезде өте шығады.
Досымжан ЕРМҰРАТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05