Басты Жаңалықтар Тергеу изоляторындағы жағдай тексерілуде

Тергеу изоляторындағы жағдай тексерілуде

Тергеу изоляторындағы жағдай тексерілуде
 
Атыраудағы УГ 157/1 тергеу изоляторындағы адамдарға қарсы зорлық-зомбылық жасалып жатыр деген хабардан соң, абақтының алдына олардың туыстары жиналды.
 
Қамауда отырғандардың ағайын-тумалары мекеме басшылығының байланысуға шектеу қойып отырғандықтарына наразы. Олар қамауға алынғандарды соққыға жыққандығын айтады.
 
Алайда, тергеу изоляторында жүргізілген тексеріс барсында, күдіктілерді ұрып-соғу фактісі дәлелін тапқан жоқ. Тек, абақтының ішкі тәртібіне бағынбаған 19 азамат өз-өздеріне қол жұмсап, түрлі жарақат алғаны анықталды.
 
Светлана Жармағамбетова, күдіктінің анасы:
Менің балам әлі сотталған жоқ. Тергеліп жатыр. Ешкім кіргізбейді. Майор ма? Біреу қолымнан бұрады да, шығарып жіберді.
 
Аслан Нұрғалиев, облыстық прокуратураның ресми өкілі:
Жедел жәрдем тобы аталған тұлғаларға бірінші көмек көрсетті, қазіргі уақытта ұсталғандардың денсаулық жағдайлары бірқалыпты. Ауруханаға жатқызу қажеттілігі туындамаған. Облыстық прокуруатура аталған тұлғалардың арызы бойынша қазіргі уақытта жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізуде.
 
 
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Бөлісу