Оқушыны қорлаған мұғалімге сот үкімі шықты
Солтүстік Қазақстанда оқушыны қорлап, маңдайына «екілік», деп жазып берген мұғалім жазаға тартылды. Алгебра және геоматерия пәнінің мұғалімін сот 1,5 жылға шартты түрде бостадығынан айырып, 60 мың теңге көлемінде моральдық шығын өтеу туралы кесім шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл оқиға Жамбыл ауданындағы Бауман негізгі мектебінде өткен жылы қыркүйекте болған. Мұғалім мұндай қадамға шәкіртінің көбейту кестесін жаттай алмағандықтан барған.
Динара Төлеңгітова, облыстық соттың баспасөз хатшысы:
Соттың шешімімен оған шартты түрде 1,5 жыл бас бостандығынан айыру және 2 жыл педагогикалық жұмыстармен айналысудан шектету туралы шешім шығарылды. Сот материалдарын қарау барысында оның жүктілігі, осындай қылмысқа бірінші рет баруы және жақсы мінездемелері жеңілдік жасауға себеп болды.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05